Жапония тұрғыны бір стақан сумен радиосигнал қабылдап алған

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: mail.ru

Жапониялық әуесқой кәдімгі антеннаның орнына бір стақан суды пайдаланып, Халықаралық ғарыш стансасынан берілген радиосигналды қабылдай алғанын көрсетті. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Миэ префектурасындағы Цу қаласының тұрғыны 51 МГц жиілігіндегі сигналды биіктігі 14 сантиметрлік колбаға құйылған қарапайым құбыр суы арқылы ұстаған. Әдетте мұндай жиілікті қабылдау үшін әлдеқайда үлкен антенна қажет болады. Алайда судың диэлектрлік қасиеттері шағын көлемнің өзімен сигналды қабылдауға мүмкіндік берген.

Дегенмен бұл тәсіл тек сигналды тыңдауға жарайды. Мұндай «су антеннасы» арқылы жауап ретінде хабар жіберу мүмкін емес. Ол үшін әлдеқайда күрделі кәсіби баптау мен дәл өлшеулер қажет.

Өнертапқыштың айтуынша, тәжірибеде тұзды суды да қолдануға болар еді. Себебі оның химиялық құрамы мен өткізгіштігі өзгеше болғанымен, сигнал қабылдау қасиеті сақталуы мүмкін.

Тэгтер:

Су жапония радиосигнал