Түркістанда теңге ілуден әлем чемпионаты өтті

Бүгін, 11:30 / Інжу Әлихан

14-15 мамыр аралығында Түркістанда теңге ілуден II әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 10 мемлекеттен мықты 50-ге жуық спортшы келіп, бақ сынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың басты жаңалығы – жігіттермен қатар арулар да қатысты.

Доданы Туризм және спорт министрлігі,  Халықаралық «Теңге ілу» федерациясы, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал серіктестері «Sportqory» спортты қолдау қоры және «AlemAgro» компаниясы болып табылады.

Федерация президенті – Абдыкадыров Амангелді Ақбатырұлы.

II Әлем чемпионаты «Бес белес», «Қос құлаш», «Алтын тұяқ» стильдері бойынша өтіп, жеңімпаздар анықталды:

  Бес белес:

  1. Сапар Бейбарыс (Қазақстан)
  2. Егамбердиев Кадиржон (Өзбекстан)
  3. Есенбек уулу Азим (Қырғызстан)

  Қос құлаш:

  1. Түлкібай Азат (Қазақстан)
  2. Батырбек уулу Бактияр (Қырғызстан)
  3. Камчыбек уулу Кайырбек (Қырғызстан)

  Алтын тұяқ:

  1. Кенжебек уулу Адильбек (Қырғызстан)
  2. Бақтыбай Қанат (Қазақстан)
  3. Еркінбек Өміртай (Монғолия)

Айта кетйеік, Түркістанда өткен II әлем чемпионаты – теңге ілудің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған маңызды іс-шара. Бұл жарыс – тек спорттық сайыс қана емес, ел рухын асқақтататын, салт-дәстүр сабақтастығын дәріптейтін тағылымды алаң болды.

Теңге ілу Федерациясы әлемдік Этноспорт ұйымына 2025 мүшелікке қабылданған және теңге ілу спорты 2026 жылғы Қырғызстан елінде өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының бағдарламасына енген. Теңге ілу спорты халықаралық деңгейде қарқынды дамып жатыр.