Қазақстанның 16 облысында 15 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында жел күшеюі, жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, тұман және түнгі аяз сияқты құбылыстар күтіледі.
Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетіп, шаңды дауыл болуы мүмкін. Бірқатар өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Атырауда ауа температурасы күндіз +35°C-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік және шығыс өңірлерде (Павлодар, ШҚО, Абай, Қарағанды, Ақмола, СҚО) түнде және таңертең тұман, кей жерлерде 1–4°C аяз болжанып отыр. Кей аумақтарда жауын-шашын мен найзағай күтіледі.
Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.