Францияда "мас" бұғылар жүргізушілерге қауіп төндіріп жатыр

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Францияның шығыс аймақтарында полиция тұрғындарға ерекше ескерту жасады. Жергілікті билік ашып кеткен жемістерді жеп қойған бұғылардың жолда қауіпті әрекет жасап жүргенін хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz Life басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, жануарлар орманда ашыған жемістерді жеп, «мас» күйге түскен. Соның салдарынан олар автокөліктің алдына жүгіріп шығып, жол қозғалысына қауіп төндіріп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, бұғылар кейде егістік алқаптарында бақылаусыз жүгіріп, оғаш қимылдар жасайды. Полиция жүргізушілерді әсіресе түнгі уақытта абай болуға шақырған.

Мұндай жағдайлар әлемнің басқа елдерінде де кездесіп тұрады. Мәселен, 2025 жылдың желтоқсанында АҚШ-та жанат дүкенге кіріп, алкоголь ішіп қойғаны туралы оқиға тараған еді.

Тэгтер:

Франция бұғы