Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қазақстан мен Түркия президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік пен мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды., деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды», - делінген хабарламада.