Қарағандылық әйел «Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМК-лан моральдық өтемақы өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйел күйеуіне дұрыс медициналық көмек көрсетілмегендіктен көз жұмғанын айтқан. Жедел жәрдем шақырғанда оның күйеуі іші ауырып тұрғанын айтқан. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері оған басқа диагнощ қойып, ауруханаға жатқызбаған.
Сот отырысында жедел жәрдем қызметкерлерінің ЭКГ-ны дұрыс оқымағаны, пациентке дұрыс көмек көрсетілмегені анықталған. Тексеріс нәтижесі бойынша өкілетті орган медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзғаны белгілі болды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот-медициналық сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша сот жауапкерден талапкердің пайдасына моральдық өтемақы өндіру туралы шешімге келді.