Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,63 теңгені құрап, 3,44 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР Ұлттық банкінің 13 мамырға арналған ресми доллар бағамы – 463,91 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 468,64 теңге, сату бағамы – 471,18 теңге. Астанада долларды орта есеппен 466 теңгеден сатып алып, 473 теңгеден сатып жатыр. Шымкентте долларды орташа есеппен 469,53 теңгеден сатып алып, 471,64 теңгеден сатуда.