Электронды БАҚ-тағы қазақтілді контенттің үлесі - 84 пайыз
Электронды БАҚ-тағы қазақтілді контенттің үлесі - 84 пайыз
2016 жылдың ішінде электронды БАҚ-тағы қазақтілді контенттің үлесі 12,7 пайызға артып, 84 пайызды құрап отыр. Бұл туралы ranking.kz сайты жариялады.
Орыс тіліндегі контенттің үлесі керісінше 10,8 пайызға азайған, жыл соңында 16 пайызды құрады. Жалпы құрылымда электронды БАҚ-тың үлесі – 16 пайыз ғана. Қалғаны мерзімді баспасөздің үлесінде, мұнда қазақтілді контенттің үлесі – 50 пайыз.
2016 жылдың соңына қарай елімізде 2,9 мың бұқаралық ақпарат құралдары тіркелді, олардың ішіндегі 23 пайызы – мемлекеттік. Мемлекеттік БАҚ-тағы ақпарат ағынының 71 пайызы – қазақ тілінде, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 60 пайыз деңгейінде болған. Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүргізген сауалнамаға сәйкес, қолданушылар қазақ тіліндегі БАҚ-ты тартымсыз және белсенділігі төмен деп санайды, сонымен қатар ақпараттық емес, мазмұнсыз сайттар көп екен.
Қазақстандықтар белсенді түрде ағылшын тілін үйренуде. Бұл жаһандану процесінің ықпалы. Егер 1991 жылы ағылшын тілін меңгеретін халықтың үлесі – 2 пайыз ғана болса, 2012 жылы 11,6 пайызға артқан, қазіргі таңда 23 пайыза жетіп отыр.
Осыған қарап, үштілді халық санының артып келе жатқанын байқауға болады. 2015 жылы 16 пайыздан 2016 жылы 20 пайызға жеткен.