«Қара жамылды»: Дана Нұржігіт отбасында ауыр қайғы болғанын айтты

Бүгін, 11:00 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт нағашысы Хасан Ермаханұлы өмірден өткенін айтып, оның ауылдың сыйлы азаматы болғанын еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол сондай-ақ марқұм туысының жақында ғана зейнетке шығып, мерейтойын атап өткенін атап өтті.

«Хасан нағашым... Балалық шағымның куәсі. Әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді.

5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп еді. Соңғы көрген қуанышы екен ғой!

Нағашы ауылым қара жамылды. Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?!

Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан, аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын!

Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып, көңіл айтамын!

Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!

Орманов Хасан Ермаханұлы (1963-2026)», –  деп жазды Д. Нұржігіт.