Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жөніндегі операцияны жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
7-12 мамырда ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен төрт Қазақстан азаматы елге жеткізілді.
Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды.
Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.