Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде келініне жаңа көлік сыйлағанын жариялап, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші Instagram парақшасында жаңа көлікпен түскен видеоны бөлісіп, жазба қалдырған.
«Әулетіміздің еркетотайы! @anelya_madesheva келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан! Жұғысты болсын!», – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері де жас келінге ақ тілектерін жаудырды.