Ашық дереккөздерге сүйенсек, танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы шығармашылық жоспары туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актриса Instagram парақшасында жақын арада Өскемен қаласында жаңа фильм түсіру жоспарланып отырғанын хабарлаған.
"Өскеменде жаңа фильм түсіріледі, бұйырса", – деп жазды Дариға Бадықова.
Айта кетейік, бұған дейін продюсер жаңа әрі ауқымды жобаға дайындалып жатқанын айтқан болатын.
"Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған "Күйеуге шығайын деп жатыр" деп жазыпты. Сондай нәрселер жазылып жатыр. Бірақ енді ол болашақтың еншісінде… Сондай бір ауқымды жоба болайын деп тұр", – деген еді Дариға Бадықова.