Шу вокзалында полицейлер есінен танған жолаушының өмірін сақтап қалды

Бүгін, 17:23 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Шу станциясының теміржол вокзалына Шымкент – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы келіп тоқтаған сәтте пойыз жолаушыларының бірінің денсаулығы күрт нашарлап, вокзал перронында есінен танып құлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Шу станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Жанғазы Біжікей мен Аят Сатархұл жедел әрі кәсіби әрекет етті.

Тәртіп сақшылары дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметі келгенге дейін азаматтың жағдайын бақылауда ұстады. Полицейлердің шапшаң қимылы мен уақытылы көмегінің арқасында азаматтың өміріне төнген қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері азаматты әрі қарай дәрігерлер бақылауына алды.

Бұл жағдай көлік полицейлерінің жоғары кәсібилігін, қырағылығы мен кез келген сәтте азаматтарға көмек көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.