Елімізде «Заң мен тәртіп» халықаралық фотобайқауы басталды

Бүгін, 16:56 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» II халықаралық фотобайқауын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана әкімдігінің ақпаратынша, байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар үш номинация бойынша қабылданады:

• «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»;

• «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам күзетіндегі заманауи технологиялар»;

• «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады».

Жұмыстар 2026 жылғы 10 маусымға дейін Polisia.kz@bk.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Әр қатысушыдан JPEG форматындағы, сапасы кемінде 5 MP және 300 dpi болатын 3 фотосуретке дейін қабылданады.

Әр жұмысқа тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі тиіс.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тэгтер:

Байқау фото