«Balapan» арнасы желіде тараған мәлімдемеге қатысты ресми түсінік берді

Бүгін, 16:06 / Інжу Әлихан

«Balapan» телеарнасы әлеуметтік желіде тараған Нұрғали Нұғманның шулы мәлімдемесіне қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Арнаның хабарлауынша, аталған азамат мәлімдемесінен кейін жағдайдың коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, арна ұжымынан кешірім сұраған.

 «Балапан» телеарнасы әлеуметтік желіде Нұрғали Нұғман есімді азаматтың мәлімдемесіне қатысты төмендегіні хабарлайды.

2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған.

Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын «Balapan» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды.