Жаңалықтар

Соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге сыйақы беріледі

ашық дереккөзі

Соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге сыйақы беріледі

Шығыс Қазақстан облысында  тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Же­ңіс күнінде 500 мың теңге сый­а­қ­ы берілетін болды. Бұл ту­ра­­лы об­лыс әкімі Даниал Ах­­­ме­тов Зырь­ян ауда­нына жа­са­­­ған жұ­мыс сапары кезінде айтты деп хабарлайды egemen.kz.  "Ат төбеліндей аз қалған арда­герлерді ардақтамағанда басқа кімге құрмет көрсетеміз? Майданда қан кешкен қария­ларымыз бұл сыйақыны бүгінгі бейбіт күнде өздерінің ұл-қыз­дары, немерелері мен шөбе­ре­лерінің игілігіне жұм­сап жат­са, жақсы емес пе?", – дейді аймақ басшысы. Бүгін­де Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан со­ғысының 330 ар­дагері тұрады.