Танымал продюсер Баян Алагөзова «КешYOU-дің» 20 жылдығына орай берген үшінші сұхбатында көп шындықты жария еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ешкімді аямай, бар шындықты тура айтқан сұхбат болды.
Ал өзі су ішіп жүрген құдыққа түкірген адамның ісі әрдайым өзіне жақсылық болып қайтпайды ғой», - деді Баян Алагөзова.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер мен топтың экс-әншісі Мөлдір Әуелбекова арасында дау туындаған еді. Мөлдір Әуелбекова 29 мамырға жоспарланған «КешYOU» тобының концертіне қатыспайтынын айтып, шешімін біржақты қабылдағанын мәлімдеген еді.
Ал продюсер бұрынғы шәкіртінің әрекетін «өзіне және атқарылған еңбекке түкіру» деп бағалаған болатын.