Шымкентте алимент төлемеген 81 адам қамауға алынды

Бүгін, 12:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған сот актілерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.    

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 81-іне әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылды.

Балаларды асырау міндетінен жалтарған тұлғаларға қатысты 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның 22-сі сотқа жолданды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 384 млн теңге көлемінде алимент өндірілді.     

Қала прокуратурасы ескертеді, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған қаражаттарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

Тэгтер:

Шымкент алимент қамауға алу