Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанада С. Мұқанов көшесі бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, С. Мұқанов көшесінде Баршына көшесінен айналма жолға дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 12–22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескеру сұралады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.