Мал терілерін қоғамдық орынға тастаған азамат жауапқа тартылды

Бүгін, 10:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Меркі аудандық соты ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың сәуірінде азамат Т. өзінің жүк көлігімен Меркі ауылындағы оған белгiленбеген аумаққа ауыл шаруашылығы қалдықтарын (мал терілерінің қалдықтарын) әкеліп тастаған. Осылайша, ол қоғамдық орынды ластады.

Сотта Т. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 43 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Жамбыл облысы мал тері