АҚШ-та хантавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Бүгін, 23:44 / Жамбыл Жайлау
Unsplash

АҚШ-та хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Ол бұған дейін MV Hondius кемесінен эвакуацияланған жолаушылар қатарында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі X әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметке сәйкес, індет тіркелген круиздік лайнер бортында болған 17 америкалықтың бірінен хантавирусқа оң нәтиже шыққан.

Тағы бір жолаушы өзін жайсыз сезініп, жеңіл симптомдарға шағымданған. Осыған байланысты екі адамды тасымалдау кезінде ұшақтағы арнайы оқшауланған бөлімдерге орналастырған.

Қазіргі уақытта эвакуацияланған барлық жолаушы ерекше қауіпті инфекцияларды емдеуге арналған аймақтық орталыққа жеткізілмек.

Тэгтер:

хантавирус