FIFA World Cup 2026: мундиальдің ресми әнін тағы Шакира орындайды (ВИДЕО)

11 мамыр, 2026 / Ербұлан Қайрат
сурет: Instagram / Shakira

Шакира 2026 жылғы FIFA World Cup 2026 турнирінің ресми әнін таныстырды. «Dai Dai» деп аталатын трек толық нұсқада 14 мамыр күні жарық көреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

49 жастағы колумбиялық әнші жаңа әннің тизерін Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазба Maracanã Stadium стадионында түсірілген. Дәл осы жерде Шакира өткен демалыста тегін концерт өткізіп, мыңдаған көрермен жинаған.

«Dai Dai» әні ағылшын және испан тілдерінде орындалады. Сонымен қатар композицияға нигериялық әнші Burna Boy де қатысқан. Ән атауы итальян тіліндегі «Кеттік!», «Алға!» деген мағынаны білдіреді.

Бұл жоба Шакираның FIFA турнирлеріне арналған төртінші музыкалық жұмысы болмақ. Ол бұған дейін 2006 жылғы әлем чемпионатында «Hips Don’t Lie» әнін орындаған; 2010 жылғы Оңтүстік Африкадағы мундиальдің ресми әні болған «Waka Waka (This Time for Africa)» трегін шығарған; 2014 жылғы әлем чемпионатының жабылу рәсімінде «La La La» композициясын айтқан.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусымда басталады. Ашылу матчында Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары Estadio Azteca стадионында кездеседі. Турнир 19 шілдеге дейін жалғасады.

Тэгтер:

Шакира FIFA World Cup 2026 Dai Dai