Алматы облысы Қарасай ауданында 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдарберу кездесуі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара жастардың әскериқызмет пен әскери білімге қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ патриоттық сананықалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға Алматы облысы Қарасай аудандыққорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторы Ғани Камбарбекұлы, Қарасай ауданы бойынша«Таулы Қарабах ардагерлері» РҚБ төрағасыӘділбек Каналиев, сондай-ақ ҚР ІІМ Ұлттық ұланы«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3660 әскери бөлімінің шақырушыларды іріктеу жәнезерделеу жөніндегі штаб бастығының ағакөмекшісі майор Қайсар Әуелов қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға әскери білімалу мүмкіндіктері, әскери оқу орындарына түсуталаптары, оқу процесінің ерекшеліктері, курсанттардың тұрмыс жағдайы, сондай-ақболашақ қызмет пен мансаптық өсуперспективалары жан-жақты түсіндірілді.
Болашақ әскери қызметшілерге қойылатынталаптарға және әскери мамандықтың жоғарыжауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Әскериқұрылым өкілдері әскери қызмет тәртіптілік, моральдық тұрақтылық және қызметтік міндеттердіадал орындауға дайындықты талап ететінін атапөтті.