Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін, 16:46 / Інжу Әлихан
Istockphoto

12–14 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Скандинавия аудандарынан келген антициклон республиканың барлық аумағында температураның күрт төмендеуіне себеп болады, , деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстан аумағына келген антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы күндері де өз әсерін сақтайды. Температураның төмендеуі еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірінде байқалып, түнгі уақытта ауа температурасы күрт төмендейді. Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклонның жылжуына байланысты 13 мамырға қараған түні үсік жүруі мүмкін.

Ауа райының күрт суытуы мен түнгі үсіктерге байланысты мамандар сақтық шараларын ескеруді сұрайды.