Бүгін Қосшы қаласында Жамбыл Жабаев көшесінде жеке тұрғын үйдің қазандық бөлмесінің шатыры өртенді. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ күштерімен үйден үй иесі және 2019, 2021 және 2026 жылы туған үш бала құтқарылды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.Өрттің алдын-ала себебі: пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.