Аида Тойшыбекова дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды

10 мамыр, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аида Тойшыбекова дзюдодан елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды.

Отандасымыз 78 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде италиялық Тизиана Маринимен күресті.

Белдесу барысында италиялық балуан үш мәрте ескерту алды. Осылайша Аида Тойшыбекова қола медальмен жарысты аяқтады.