Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет татамиге шығып, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің көркін қыздырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дзюдо жанкүйерлері сағына күткен саңлақтың елорда татамиінде төбе көрсетуі - біз үшін үлкен мәртебе. Әсіресе, ұлы Омар Бақтыбаймен бірге татамиге шығып, көпшілікке ерекше әсер сыйлаған сәті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленіп, Париж Олимпиадасына қажетті рейтингтік ұпай жинаған еді. Араға уақыт салып, енді ол осы татамиге Олимпиада чемпионы ретінде қайта оралды.