9 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін, 09:19 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер 9 мамырға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстікте бұршақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанада жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыс және батыс желі түнде кей жерде 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні күндіз 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ пен дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15–20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының шығысында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыс және оңтүстік-батыс желі күндіз кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды.

Абай облысында жаңбыр, күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15–20 м/с-қа жетеді. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі, ал орталығы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, күндіз найзағай күтіледі.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс және батыс желі күндіз кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Аптап ыстық 36 градусқа дейін сақталады. Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта желдің екпіні 18 м/с болады. Іле Алатауы тауларында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел Алакөл көлдері маңында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні кей жерде 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды боран күтіледі. Батыс және оңтүстік-батыс желі кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр мен найзағай болады.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр мен найзағай болады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыс желі күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырауда жаңбыр мен найзағай болады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыс желі күндіз кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда да желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Облыстың батысы мен орталығында тұман болады. Батыс желі кей жерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман күтіледі.