Қазақстан елшісі АҚШ президентіне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан елшісі АҚШ президентіне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан елшісі АҚШ президентіне сенім грамотасын тапсырды
ашық дереккөзі
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Қазыханов АҚШ Президенті Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Ақ үйде өткен кездесуде Ержан Қазыханов АҚШ Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзі мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу аясында Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық бағыттар бойынша, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салаларда нығайып келе жатқанын атап өтті. Дональд Трамп өз кезегінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін және еліміздің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалады. АҚШ Президенті қазақстандық-американдық қарым-қатынастарды кеңейтуге қызығушылық танытты және жақында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау білдірді.