Жетісу облысында ерлікпен қаза тапқан құтқарушының анасына награда берілді

Бүгін, 15:42 / Алуа Арман

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау майоры Дамир Тарановтың туыстарына Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген «Ерлігі үшін» медалін табыс етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында өңір басшысы құтқарушылар қызметінің маңызын атап өтіп, оның ерлігі мен адалдығы әріптестері мен жерлестерінің жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

Мемлекеттік награда құтқарушының анасы Гүлсара Тарановаға табысталды. Марқұмның жұбайы Румилям Тохтабакиева көрсетілген құрмет пен ерліктің жоғары бағаланғаны үшін алғысын білдірді.

Дамир Таранов 2016 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында еңбек етіп, Панфилов ауданындағы өрт сөндіру бөлімдерінде жауапты қызмет атқарған. Ол биыл наурыз айында Алакөл ауданындағы Алтынкөл көлінде балықшыны құтқару кезінде қаза тапты.

 

Тэгтер:

Жетісу облысы құтқарушы ерлік