Жаңалықтар

Түркіменстан жезөкшелерді Азиада біткенше диспансерге жаппақ

ашық дереккөзі

Түркіменстан жезөкшелерді Азиада біткенше диспансерге жаппақ

Ашхабад полициясы үйі жоқтарды, маскүнемдер мен нашақорларды диспансерге жөнелте бастады. Құқықорғау органының қызметкерлері астанадағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырларын тексеріп жүр. Полиция қызметкерлері жезөкшелердің де соңынан түсті. Бұл тураы "Хроника Туркменистана" басылымына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Ұсталғандарды Дашоғыздағы наркологиялық диспансерге апарып жатыр. Олар бұл мекемеде 1-2 ай болады. Дереккөздердің хабарлауынша, оларды Азиада-2017 аяқталғанша, яғни қыркүйектің аяғына дейін диспансерден шығармауы мүмкін. Азаттық радиосының мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері жұпыны киінген адамдарды да көшеде ұстап жатыр. Астанада тіркеуде тұрмағандарға айыппұл салынып, аймақтарға қайтарылады. Бұған дейін хабарланғандай, Түркіменстандағы полиция учаскелері мен наркологиялық диспансерлердің жағдайы сын көтермейді.