Өскеменде Республика алаңы маңындағы көпқабатты үйдің шатырынан ер адам құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 6 мамыр күні күндіз болған.
Аталған деректі Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полицияда.
Бұған дейін Өскеменде көпқабатты үйдің шатырынан жалаңаш ер адам түсірілгені туралы хабарланған еді.