Бүгін – Асанәлі Әшімовтің туғанына 89 жыл

Бүгін, 09:39 / Інжу Әлихан

Бүгін – қазақтың белгілі кино және театр актері, режиссер, профессор, ұстаз Асанәлі Әшімовтің туғанына 89 жыл, деп хабарлайды turkystan.kz.

Асанәлі Әшімов Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. 1956–1961 жылдары Әшімов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актёр мамандығы бойынша бітірген. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы.

1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.

Марапаттары: