Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері 42 млн теңге жымқырған

Бүгін, 09:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

ШҚО прокуратурасы 40 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы «Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жылбойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады. 

Ұзақ уақыт бойы тәрбие мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген.

 Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады.

Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Тергеу мүддесіне байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Балабақша бухгалтер Шығыс Қазақстан