ТЖМ Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады

Бүгін, 08:06 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Устинка

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ және екпіні 15–20 м/с дейін жететін дауылды жел күтіледі, деп хабарлайды ТЖМ.

Қолайсыз ауа райы Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және өзге де облыстарда болжануда.

Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман күтіледі.

Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады.

Көптеген өңірлерде жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.