4 мың метр биіктіктен альпинист тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін, 07:46 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Панфиловшы батырлар шыңына (4120 м) ұйымдастырылған жаппай альпиниада кезінде 2008 жылғы қатысушының жағдайы нашарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша оған жедел тау ауруы мен өкпе ісінуі диагнозы қойылған.

«Зардап шеккен азаматқа Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметі құтқарушылары жедел түрде көмек көрсетіп, оны Мәншүк Мәметова атындағы №6 мореналық көл аумағына дейін түсірді. Одан әрі азаматты эвакуациялау үшін ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Зардап шегуші алдымен «Медеу» тікұшақ алаңына, сонан соң Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оны әрі қарай тексеру және емдеу үшін №12 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», - делінген мәліметте.

✅Зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланған. Эвакуациялық операция сәтті аяқталды.