Алматы қаласында дәмхана өртенді

Бүгін, 05:48 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Бүгін Алматы қаласының 112 пультіне Жетісу ауданындағы кафеден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, дәмхананың жанып жатқаны анықталды. Су тасымалдаушы автоцистерналар жақын маңдағы, шамамен 100 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарына дереу қосылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көрші үйдің екі тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан дәмханадан 5 газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ өрттің көршілес жеке тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.