Астанада көпқабатты тұрғын үйдің балкондары өртенді

Бүгін, 23:14 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Астанада Шоқан Уәлиханов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, жалын бірнеше қабаттағы балкондарға тараған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, куәгерлер өрттің өте жылдам өршігенін айтқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балконнан басталған. Кейін жалын жетінші қабатқа, ішінара сегізінші қабаттың балкондарына дейін тараған.

"Өрт кезінде пәтер ішіне оттың өтіп кетуіне жол берілген жоқ. Қызыл жалын қысқа уақытта оқшауланып, толық сөндірілді", – деп хабарлады ТЖМ.

Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Тэгтер:

Астана өрт