"Болашақтың еншісінде": Дариға Бадықова ел арасында тараған әңгімеге жауап берді

Бүгін, 20:32 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы уақытта жүзеге асатын шығармашылық жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жақын күндері Қазақстанда көлемді әрі күрделі көркем фильмнің түсірілімі басталуы мүмкін.

"Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған "Күйеуге шығайын деп жатыр" деп жазыпты. Сондай нәрселер жазылып жатыр. Бірақ енді ол болашақтың еншісінде… Сондай бір ауқымды жоба болайын деп тұр", – деді Дариға Бадықова НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

Тэгтер:

Дариға Бадықова