Ақтауда алты жастағы баланы көлік қағып кетті

Бүгін, 17:01 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жол апаты 7 мамыр күні Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry көлігін тізгіндеген 1997 жылғы жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы дереу жеткен. Зардап шеккен 6 жастағы бала Маңғыстау облыстық балалар көпсалалы ауруханасына жеткізілді.

Медициналық мекеменің хабарлауынша, балаға оң жақ сан сүйегінің мойны жабық ығысқан сынуы диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Тэгтер:

Бала көлік Ақтау