Әнші Айгүл Иманбаева денсаулығына байланысты ауыр кезеңді бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі журналист Аман Тасыған жүргізетін сұхбат барысында бір кезеңде қатты күйзеліске түскенін жасырмады.
Оның сөзінше, денсаулығы сыр беріп, ұзақ уақыт бойы өзін жайсыз сезінген.
"Қыркүйек айында келіп жұмысқа кірісудің орнына екі бүктетіліп жатып қалдым. Ауруымның диагнозы жоқ. Жүрегім қысылып аузыма тығылады. Қысылғаннан жылаймын. Тек жата беремін. Түнде жүрегім аузымнан шығардай тарсылдайды. Ұйқы жоқ. Таңертең бар күшімді жиып жұмысқа барайын десем, тағы екі бүктеліп жатамын. Ешнәрсе істегім келмейді", – деді әнші.
Сондай-ақ ол осы уақытта отбасы да қиын жағдайды бастан өткергенін айтты.
"Одан кейін компаниямның басшысы ұлдарға онкологияға күдік бар дейді. Екеуміз екі жаққа жатып қаламыз, жұмыс жайына қалды. Түгел минусқа кеттік", – деді Айгүл Иманбаева.