"Өзіңіз таңдаған үйді алып беремін": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 23:33 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Баян Алагөзова танымал актриса Меруерт Өтекешоваға ерекше сый жасап, пәтер алып беретінін мәлімдеді. Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Баян Алагөзова актрисаны арнайы қонақ ретінде шақырып, оған бриллиант сырға тағып, қымбат тон кигізген. Кейінірек баспана сыйлайтынын айтқанда, Меруерт Өтекешова толқып, көзіне жас алған.

"Сіз ұлы әйелсіз. Мен сіздің фанатыңызбын. Қазақ еліне сіңірген еңбегіңіз үшін сізді барлық сый-құрметке бөлегім келеді. Өзіңіз таңдаған үйді алып беремін", – деді продюсер.

Сонымен қатар, “Қыз Жібек” фильмінде актриса киген камзол да иесіне қайтарылған. Енді оның тағдырына қатысты шешімді Меруерт Өтекешованың өзі қабылдайды.

Тэгтер:

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешова