Фристайл Жанбота Алдабергенова өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісіп, тұрмыс құрғанын мәлімдеді. Үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан танымал спортшы әлеуметтік желіде неке куәлігімен түскен суретін жариялап, қуанышты сәтін бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның таңдауы шетелдік азамат – Jessie Rose болған. Спортшы жазбасында:
"Алланың алдында серт беріп, қол ұстасып бірге жүруге уәде еткен күн", – деп атап өтті.
Жанбота Алдабергенова – Қазақстандағы фристайл-акробатика спортының үздік өкілдерінің бірі. Ол қатарынан үш Олимпиадада – Сочи-2014 Олимпиадасы, Пхёнчхан-2018 Олимпиадасы және Бейжің-2022 Олимпиадасы өнер көрсетті. 2014 жылы өткен додада алтыншы орын алып, мансабындағы ең жоғары нәтижесіне қол жеткізген.
Сонымен қатар, ол әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алып, Еуропа кубогы кезеңдерінде бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінген.