Өскеменде өзенді жүзіп өтпек болған екі жігіт суға батып кетті

Бүгін, 22:17 / Жамбыл Жайлау
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Согра ауданында қайғылы оқиға тіркелді – Үлбі өзенінен өтпек болған 2003 жылы туған екі жігіт суға батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 3 мамыр күні болған. Куәгерлердің мәліметінше, жастар ағысы қатты өзенді жүзіп өтпек болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, бастапқыда олар үшеу болған, алайда тек біреуі ғана аман жағаға шыққан.

Суға кеткендердің бірінің денесі 4 мамыр күні Степное ауылы маңынан табылды. Ал екінші жігітті іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Құтқарушылардың айтуынша, іздеу жұмыстарына сүңгуірлер тартылып, дрондар пайдаланылуда. Алайда өзендегі су деңгейінің жоғары болуы мен қатты ағыс жұмыстарды қиындатып отыр.

Мамандар мұндай оқиғалар көбіне судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болатынын ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды.

Тэгтер:

өзен Өскемен