"Сүйінші, ағайын": Әнші Ақбота Керімбекова қуанышты хабарын бөлісті (ВИДЕО)

Бүгін, 20:03 / Жамбыл Жайлау
"1001 түн" бағдарламасы. Суретте: Ақбота Керімбекова

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова қуанышты жаңалығымен бөлісіп, екінші рет әже атанғанын хабарлады. Өнер иесінің айтуынша, жуырда отбасында нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қуанышқа бөленген әнші бұл бақытты сәтті көпшілікпен бөлісіп, баршаға осындай шаттық тілейтінін жеткізді.

"Менде сүйінші жаңалық бар. Шаңырағымызда кішкентай нәресте дүниеге келді. Былтыр Ақаным үйленген еді. Немерелі болып жатырмыз. Екінші рет әже болып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір. Барлығыңызға осындай жақсылық бұйырсын! Немере сүйіңіздер! Шөбере сүйіңіздер! Шаңырақтарыңызда той болсын!" – деді әнші.

Сонымен қатар, әнші анасы Бибіажар Махамбетова шөбере сүйгенін айтып, бұл жаңалықтың отбасы үшін ерекше екенін атап өтті. Әзіл-шынын араластырып, анасына шөбере бағуға дайын ба деп сұрағанын да жасырмады.

Өз кезегінде Бибіажар Махамбетова да көпшілікке ақ тілегін арнап, әр шаңыраққа немере мен шөбере сүю бақыты бұйырсын деп тілектестігін білдірді.

Тэгтер:

әнші видео Ақбота Керімбекова