6 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды

Бүгін, 16:00 / Інжу Әлихан
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары үшін пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссия Астана және Алматы қалаларында баспана беру үшін жас ғалымдардың тізімін жүйелі түрде анықтайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізетін болады. Жас ғалымдар санының артуы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің дамуына оң әсер етеді.

Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.