Жезқазғанда Ұлттық ұлан оркестрі мерекелік концерт өткізді

Бүгін, 15:42 / Інжу Әлихан
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі Жезқазған көпсалалы гуманитарлық колледжінде мерекелік концерт өткізіп, студент жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында оркестр орындауындағы патриоттық әндер мен әскери марштар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Көркем музыкалық бағдарламамен қатар, әскери қызметтің маңызы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның рөлі кеңінен түсіндірілді.

Концерттен кейін ақпараттық-насихаттық топ колледж студенттерімен арнайы кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясына оқуға түсу тәртібі туралы жан-жақты мәлімет берді. Жастарға әскери оқу орнына қабылдау талаптары, оқу процесі, жеңілдіктер мен болашақтағы қызмет мүмкіндіктері түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.