Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Вьетнамда бұрын ұсталған блогер Қайсар Хамза ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда блогердің өзі тікелей эфирге шығып, қамауға алынбағанын, тек төлқұжаты тәркіленгенін айтты. Сондай-ақ ол жақын арада Қазақстанға оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Мәжіліс кулуарында Санжар Әділов блогерге қатысты іздеуді қаржылық мониторинг органдары жариялағанын атап өтті.
«Оны Қазақстанға қайтару мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді ол.