Қасым-Жомарт Тоқаев: Күштік құрылым қызметкерлерінің күнделікті еңбегі – ел үшін жасалған ерлік

Бүгін, 14:34 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Ақордада мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімі өтті. Жиында сөз сөйлеген  Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген сөз бар, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет. Нағыз патриот азамат үшін бұдан асқан мәртебе жоқ. Күштік құрылым қызметкерлерінің күнделікті табанды еңбегі ел үшін жасалған ерлік екені сөзсіз. Сіздер әрқайсыңыз сертке берік болып, Отан алдындағы міндеттеріңізді мінсіз орындап жүрсіздер. Мен Мемлекет басшысы және Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін сіздерге әскери атақ пен сыныптық шен беру туралы тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұған қоса бірқатар азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Баршаңызға құтты болсын! Өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді, туған елге адал болуды үйренеді. Сіздер жастарға үлгі болып, жол көрсетіп, әрдайым ұлт мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін! – деді Президент.

 

Тэгтер:

Тоқаев сарбаз ерлік еңбік күштік құрылым