Қазақстанда автомектептердің тізілімі жасалады

Бүгін, 11:41 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстанда авто мектептердің жұмыс істеу ережелерін өзгерту жоспарлануда. Олардың қызметін арнайы мемлекеттік тізілім арқылы рұқсат беру моделіне көшіру көзделіп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай нормалар Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында енгізілмек.

Атап айтқанда, автомектептер тек тізілімге енгізілгеннен және тексеруден өткеннен кейін ғана жұмыс істей алады. Бұл тәсіл, атап өтілгендей, нарыққа кіру кезінде бақылауды күшейтіп, саланың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Әңгіме оқу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, оқытушылардың біліктілігін тексеру, сондай-ақ оқу процесін ақпараттық жүйелер арқылы бақылау мүмкіндігі туралы болып отыр.

Сондай-ақ заң жобасы жүргізушілерді даярлау жүйесін дамытуға және оқыту сапасын бақылауға қатысатын кәсіби бірлестіктердің рөлін күшейтеді.

Тэгтер:

жүргізуші автомектеп